Алматы маңында құны 300 млн доллар тұратын жаңа киностудия құрылысын салу жөніндегі жоба тамызда жүзеге асырыла бастайды - Ертісбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы маңында құны 300 млн доллар тұратын жаңа киностудия құрылысын салу жөніндегі жоба тамызда жүзеге асырыла бастайды - Ертісбаев

Алматы маңында құны 300 млн доллар тұратын жаңа киностудия құрылысын салу жөніндегі жоба тамызда жүзеге асырыла бастайды - Ертісбаев

АСТАНА. 17 шілде. Kazakhstan Today. Алматы маңында құны 300 млн доллар тұратын жаңа киностудия құрылысын салу жөніндегі жоба тамызда жүзеге асырыла бастайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен отырыста ҚР мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Шiлде 2007
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Министрлік тиісті жобаны дайындап қойған, жұмыстар келесі айда басталуы мүмкін», — деді Е. Ертісбаев.

Минисрдің айтуына қарағанда, жоба негізінен қазір «Қазақфильм» киностудиясы орналасқан жер телімін сатудан түскен қаржымен қаржыландырылады. Е.Ертісбаевтың пікірінше, бұл ақшамен құрылыс жұмыстары мен технологиямен жабдықтауға арналған қаржының 80%-ін өтеуге болады. «Қалған 20%-ін жеке инвесторлар береді», -деп сенеді министр.

Е. Ертісбаев егер Қазақстанда киноөндірісін 5 жыл мерзіммен салықтан босатуға септігін тигізетін «Меценаттық қызмет туралы» және «Кинематография туралы» заңдар қабылданған жағдайда «кинобумды» күте беріңіз деп сендіреді . «Киноөндірісіне отандық та, шетелдік те инвестиция ағыла бастайды», — деді ол.

Министрдің пікірінше, қазіргі «Қазақфильм» киностудиясы «ресейлік, қытайлық және шығысеуропалық әріптестермен арадағы бәсекелестікке төтеп бере алмайды». «АҚШ-тың тәуелсіз сарапшыларының бағалауынша, кейінгі жылдары жекелеген технологиялық желілеріндегі жабдықтар жарым-жартылай жаңаланғанына қарамастан, киностудияның техникалық жабдықталу жағдайы 70-ші -80-ші дылдардың деңгейінде қалып қойған, сол себепті түбегейлі жаңалауды талап етеді», — деді Е. Ертісбаев. «»Қазақфильм» павильондарының өлшемдерінің ескіргендігі соншалық, оны жаңалауға жасалған кез-келген қадам қыруар қаржыны талап етеді», — деді министр. «Сонымен бірге Алматыдағы құрылыстардың қарқыны қаланың шуылы мен урбанизацияның даңғазасынан шалғайда орналасқан делінетін «Қазақфильмді» бұрынғы артықшылықтарынан айырды, қаланың коммуналдық қажеттіліктері қазірдің өзінде киностудия аумағының басым бөлігін иеліктен шығарулы талап етіп отыр»,- деді Е.Ертісбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті