Алматы маңындағы ауылдардың бірінде дәрі-дәрмек жасаумен айналысқан жасырын цех анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы маңындағы ауылдардың бірінде дәрі-дәрмек жасаумен айналысқан жасырын цех анықталды

Алматы маңындағы ауылдардың бірінде дәрі-дәрмек жасаумен айналысқан жасырын цех анықталды

Алматы. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы маңындағы ауылдардың бірінде дәрі-дәрмек жасаумен айналысқан жасырын цех анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасап.

  • 26 Қыркүйек 2008
  • 673
Фото - Caravan.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ұсталғанға дейін заңсыз кәсіппен айналысқан фирма, шығарған өнімін бірнеше облыстың медициналық мекемлеріне таратып үлгерген. Жасырын фармацевтика зауыты, халық арасында үлкен сұранысқа ие гемодез, метронидазол, маннитол және глюкоза ерітіндісін көп мөлшерде жасап қана қоймай оны аз уақыттың ішінде еліміздің әр аймағында жұмыс істейтін 34 медициналық мекемеге таратып үлгерген.

Алматы қаласы бойынша ҰҚКД басқарма бастығының орынбасары Арман Садановтың айтуынша, «Алматыда олардың өнімі 18 мекемеге барған. Оның ішінде дәріхана, республикалық клиникалар, ауруханаларда таратылып сатылған.

Тексеру көрсеткендей, қан тамырына салынатын дәрі-дәрмектерді жасауда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың ескерілмеуі өз алдына, мейлінше пайда көруді көздеген кәсіпкерсымақ, мұндай тиянақты іске өзбекстанның арзан жұмыс күшін тартудан да тайынбаған.

«Екеуі бутылканы жуады, үшеуі растворларын араластырып құяды да, үшіншісі эткеткасын жапсырып, қақпағын жауып, төртіншілері әр түрлі мекемлерге таратып отырған»,- дейді А.Саданов.

Құрықтау операциясы кезінде, жасырын цехтан 60 мыңға жуық дәрі-дәрмек тәркіленді. Алайда, тексеруші органдарды біраз өнімнің тұтынушыға жетіп үлгеру қаупі қатты алаңдатуда.

Арман Саданов дәрі-дәрмектің барлығын жинақтап экспертизаға жібергенін, оның нәтижесі бойынша әріқарай шара қолданылатынын жеткізді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен фармацевтикалық бақылау басқарамасы бірігіп, шұғыл түрде, сатылып үлерген препараттарды айналымнан шығару шараларын қолға алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар