Caravan Logo

Алматы маңындағы Сақ қорғандары тазаланды

Алматы маңындағы Сақ қорғандары тазаланды

Сақтардың Боралдай қорғаны - біздің эрамызға дейінгі VII-III ғасырлардан қалған ерекше тарихи ескерткіш. Қазір ашық аспан астындағы мұражай саналады. Бүгінгі шара барысында жетекші партияның 100-ге жуық мүшесі қорған аумағын тазалап, ретке келтірді.

«Біздің партияның тұғырнамасында басты бағыттардың бірі - мәдениетті дамыту мен қолдау. Осыған байланысты «Нұр Отан» ХДП тарихи жәдігерлерді сақтауға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі шара соның айғағы»,- дейді сенбілікті ұйымдастырушылар.