Өрт 27-сәуірде 9 сағат 22 минутта май тазарту цехында шыққан. Жарты сағаттан кейін өрт ауыздықталды. Өртті сөндіру шарасына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 64 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды.
"Алматы маргарин зауыты" ААҚ-ында 500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.