Алматы мектептерінің мұғалімдері "Адреналин" деп аталатын шараның аясында парашютпен секіретін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мектептерінің мұғалімдері "Адреналин" деп аталатын шараның аясында парашютпен секіретін болады

Алматы мектептерінің мұғалімдері "Адреналин" деп аталатын шараның аясында парашютпен секіретін болады

Бүгін, 17-тамызда Алматыдағы "Байсерке" аэродромында "Адреналин" деп аталатын шараның аясында Алматы мектептерінің ең жүректі 10 мұғалімі өздерінің парашютпен секіру қабілетін паш етеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне республикалық "Болашақ" қозғалысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Тамыз 2005
  • 531
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, жалпы парашютпен секіруге 25 адам ниет білдірген. Іріктеу комиссиясы сынақтар мен тест нәтижесінде 10 үміткерді ғана таңдап алды.

«Үстаздар тек бақылау жұмыстарын тексеруге қарымды екенімен бірге, осындай жүректілікке де батылы баратынына көз жеткізбекші»,- дейді қозғалыстағылар.
Шара нәтижесінде қатысушылар ерлігі мен жансебілдігі үшін дипломдармен марапатталады.

Перейти к новостям спорта