Жарияланды: 350

Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы қымбаттайды

Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы қымбаттайды

«Алматыэнергосбыт» АҚ қаңтардың онынан бастап Алматы мен Алматы облысында электр энергиясын қымбаттатпақ.

«Еліміздегі станциялар үкіметтің №392-ші (...) қаулысы бойынша электр қуаты құнын қымбаттатты. Салдарынан тариф 5,9 пайызға қымбаттады» - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Сонымен, Алматы және Алматы облысының тұрғындары электр қуатының 1 кВт/сағ үшін ҚҚС қоспағанда 13 теңге 56 тиын (ҚҚС қоса есептегенде 15 теңге 19 тиын) төлемек. Тариф тұтыну көлеміне қарай сараланған (ҚҚС қоса есептегенде): 1-деңгей 1 кВт/сағ үшін 13 теңге 45 тиын, 2-деңгей - 18 теңге 23 тиын, 3-деңгей - 20 теңге 35 тиын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін