Алматы мен Алматы облысында электр қамтамасыздығында үзілістер туындауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Алматы облысында электр қамтамасыздығында үзілістер туындауы мүмкін

Алматы мен Алматы облысында электр қамтамасыздығында үзілістер туындауы мүмкін

"АПК" АҚ энергетикалық компаниясы электр қуатының тапшылығына байланысты Алматы мен Алматы облысын оқтын-оқтын тоқтан ажыратып отырамақшы. Бұл туралы "АПК" АҚ энергетикалық компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 473
Фото - Caravan.kz

АПК ақпаратына сәйкес, бүгінде жергілікті станцияларды толыққанды іске қосқан жағдайда да күн сайынғы электр қуатының тапшылығы 2-2,5 млн. Квт/сағ немесе 80-100 МВт-ты құрап отыр. 2005-жылдың 26-наурызынан бастап Жамбыл ГРЭС-і жұмысын тоқтатуға байланысты жеткіліксіз электр қуатын еліміздің солтүстігінде немесе Қырғызстанда орналасқан электр станцияларынан сатып алу арқылы ғана қамтамасыз етуге болады,- деп хабарлайды энергетикалық компания.

«Солтүстік-оңтүстік бағытында электр қуатының транзитіне АПК-ға арнап бөлінген квота 70 МВт-қа тең. Алайда «KEGOC»АҚ компания үшін транзитке небәрі 30 МВт бөліп отыр»,- делінген хабарламада. «Қалыптасқан күрделі ахуалдан «KEGOC» ұлттық компаниясы тарапынан АПК-ға арналған транзиттік квота мөлшерін 70 МВт-қа дейін арттырған жағдайда ғана шығуға болады. Не болмаса Алматы қалалық энергетикалық компаниясына тапшы электр қуатын Орталық Азия аймақтық энергетика жүйесінен сатып алу мүмкіндігі берілуі қажет»,- деп санайды компания басшылығы.
«Алматы қаласының басшылығы мен «АПК» АҚ тарапынан электр қамтамасыздығы проблемасын реттеуге қажетті шаралар толыққанды қолданылуда»,- деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Перейти к новостям спорта