Алматы мен Алматы облысының электр қуатын тұтынушылары үшін телефон қоңырауын шалу орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Алматы облысының электр қуатын тұтынушылары үшін телефон қоңырауын шалу орталығы ашылды

Алматы мен Алматы облысының электр қуатын тұтынушылары үшін телефон қоңырауын шалу орталығы ашылды

Алматы. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - АПК АҚ мен "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС халықты толық әрі жедел ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру үшін күш біріктірді. 1 тамыздан бастап электр қуатын тұтынушылары үшін арнаулы телефон қоңырауын шалу орталығы ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "АлматыЭнергоСбыт" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Тамыз 2008
  • 638
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «осы орталыққа қоңырау шалу арқылы Алматы мен Алматы облысы өңірінің кез-келген тұтынушысы электр қуатының берілмеуі және төлем мәселелері жөніндегі сұрақтарға жауап ала алады».

«Тұтынушылардың қоңыраулары күн сайын жексенбіден басқа күндері 08.00 бен 24.00 аралығында «шұғыл желінің» мынадай телефондары бойынша: 399-99-00; 297-17-57 қабылданады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен бірге 20 тамыздан бастап АПК-ның «сенім телефоны» жұмыс істей бастайды. «Тоқ ұрлау, электр жабдықтарға ақау келтіру, өздерін АПК қызметкеріміз деп таныстырып ақша бопсалау және басқа да заңға қайшы әрекеттер жайлы сіздер 376 — 15 — 90 телефоны арқылы мәлім ете аласыздар», -деп хабарлайды «АлматыЭнергоСбыт».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар