Жарияланды: 540

Алматы мен Ақтөбеде жеті адам көмірқышқыл газынан уланды

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Ақтөбеде жеті адам көмірқышқыл газынан уланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 27 қарашада сағат 10.30-да Алматының Әуезов ауданы Ақбұлақ ықшамауданы Аханов көшесінде жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 9 және 11 жастағы екі бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізілді. Сонымен бірге, 27 қарашада сағат 07.42-де Ақтөбе қаласының Ақжар ауылының №366 учаскесінде жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан бес адам, соның ішінде үш және бір жасар екі бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін