Алматы мен Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматы мен Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елімізде екі жол апатынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Желтоқсан 2006
  • 349
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматының Жетісу ауданында Рысқұлов даңғылы мен Аврора көшелерінің қиылысында 12-желтоқсанда 1 сағат 11 минутта «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі «Мицубиси» автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан «Мицубиси» автокөлігінің жүргізушісі жарақаттан оқиға орнында опат болды.

Сонымен бірге Ақтөбеде Әбілхайыр хан даңғылында 11-желтоқсанда 12 сағат 36 минутта бағытты автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта