«Алматы» мен «Барыстар»: екінші матч қонақтардың пайдасына шешілді - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы» мен «Барыстар»: екінші матч қонақтардың пайдасына шешілді

«Алматы» мен «Барыстар»: екінші матч қонақтардың пайдасына шешілді

Кеше Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде баскетболдан Ұлттық лигадағы ХХІ Қазақстан чемпионаты аясында ерлер арасында «Алматы» мен «Барыстар»( Атырау) клубтарының екінші матчы өтті.

  • 22 Қараша 2012
  • 347
Фото - Caravan.kz

Онда алматылықтар алғашқы матчтағы өз басымдығын сақтап қала алмады. Бұл сайыста 1 кезең 15:19, екінші кезең 21:20, үшінші кезең 13:23, төртніші кезең 16:20 есбімен аяқталды.

Алматылықтар сейсенбі күні 80:71 есебімен (17:17, 28:20, 17:19, 18:15) жеңіске жеткен болатын. Онда ұпай айырмашылығы — 9 болса, сәрсенбіде қонақтар оны 17-ге дейін жеткізіп, жалпы есепте 145:153 есебімен жеңіске жетті. Енді алматылықтардың келесі қарсыласы Ақтаудың «Каспий» клубы болмақ. Бұл сайысты да 24-25 қараша күндері өз алаңында өткізбек.