Алматы мен Маңғыстау облысында болған жол апаттарынан 10 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Маңғыстау облысында болған жол апаттарынан 10 адам зардап шекті

Алматы мен Маңғыстау облысында болған жол апаттарынан 10 адам зардап шекті

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Маңғыстау облысында болған жол апаттарынан 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 10 қарашада сағат 08.07-де Алматының Алмалы ауданында Хмельницкий мен Гете көшелерінің қиылысында «ГАЗель» және «Тойота» көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан «ГАЗель» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі мен оның 5 жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 10 қарашада сағат 08.55-те Жаңаөзен — Ақтау жолының 14-ші шақырымында 41 жастағы ВАЗ жүргізушісі «Мазда» көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен «ВАЗ» көлігінде отырған екі жолаушы ауруханаға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар