Алматы мен Талғар арасында LRT желісі жүргізіледі ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Талғар арасында LRT желісі жүргізіледі ме?

Алматы мен Талғар арасында LRT желісі жүргізіледі ме?

2023 жылы Алматы мен Қонаевты байланыстыратын LRT желісін салу жобасы жарияланған болатын. Сол кезде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жобаның инвесторы саналған түркиялық Tasyapi компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

  • 30 Қазан
  • 7
ФОТО: gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала деректер бойынша, Қонаевтан бөлек Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарын қамтитын желінің жалпы ұзындығы шамамен 146 шақырым болуы тиіс еді. Күн сайын өңірде тұратын 500 мың адам мегаполиске қатынап, жол инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді деп күтілді.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, түркиялық Tasyapi Insaat компаниясы “Алматы – Талғар” бағыты бойынша ұзындығы 18 шақырымдық пилоттық жеңіл рельсті көлік жобасын жүзеге асыруды ұсынған.

Жеңіл рельсті көлік жобасы қаржылық шарттардың сәйкессіздігіне байланысты тоқтатылды. Жобаның ауқымын ескере отырып, бұл мәселе алдағы уақытта республикалық деңгейде талқыланатын болады, – деді басқармадан.

Сондай-ақ өңірдің көлік байланысын жақсартуға мүмкіндік беретін қоғамдық көліктің баламалы түрлерін қарастыру жұмыстары қатар жүргізіліп жатқаны айтылды.

Перейти к новостям спорта