Бұл ойында алаң иелері қонақтарға 70:68 есебімен есе жіберді. Бұған дейін алматылықтар алғашқы матчта 78:68 есебімен басым түскен еді. Соның нәтижесінде жалпы есепте 146:138 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Бұл олардың турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізіп отыр. Қазір олар үздік үштіктегі «Астана» мен «Барыстардан» кейінгі «Каспийдің» орнын басып, оны бір саты төмендете алды. Ал «Қапшағай» мен «Тобыл» әзірге соңғы орындарды қанағат тұтуда.