Жарияланды: 540

Алматы метрополитені сурет байқауын жариялады

Алматы метрополитені сурет байқауын жариялады

Алматы метрополитені өзінің қызметінің 1 жылдығына орай оқушылар арасында «Метро балалар көзімен» атты қалалық сурет байқауын жариялады.

Байқауға жалпы орта білім мектептерінің оқушылары, қосымша білім беру мекемелерінің, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері, елдегі балалар мен жастар ұйымдарының мүшелері қатыса алады. Жеңімпаздар жас ерекшеліктері бойынша 3 топта (1-5, 6-7, 8-11 сынып оқушылары) анықталады. Үміткер байқауға бір ғана жұмысын жібере алады. Қосымша ақпараттарды +7 (727) 3968776 телефон нөмірі бойынша білуге болады. Суреттерде бірлескен авторлыққа жол берілмейді. Олар ата-аналар мен педагогтардың көмегінсіз орындалуы қажет. Сондай-ақ туындылар: таңдалған тақырыпқа сай болу, суреттің түпнұсқалығы, орындалу сапасы және басқа да критерийлер бойынша бағаланады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Ал олардың суреттері метрополитен бекеттерінің көрнекті жерлерінде орналастырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін