Алматы метросы 1 желтоқсанда пайдалануға беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросы 1 желтоқсанда пайдалануға беріледі

Алматы метросы 1 желтоқсанда пайдалануға беріледі

Алматы метросы 1 желтоқсанда пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Метрополитен» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Мұрат Өкшебаев бүгін Алматыда өтіп жатқан «Метро» қауымдастығының халықаралық конференциясында айтты.

  • 9 Маусым 2011
  • 535
Фото - Caravan.kz

«Қазір Алматы метрополитенін іске қосуға әзірлік жұмыстарының 90 пайыздан астамы аяқталды. Барлық күрделі құрылыс жұмыстары бітіп, енді теміржол табанын жүргізу ғана қалды. Құдай қаласа, желтоқсанның 1-інде барлық жұмысты бітіріп, оны іске қосуға толық мүмкіндік бар», — дейді Мұрат Өкшебаев.

Алматы метросының жолаушылар тасымалдау мүмкіндігіне сараптама жасаған зерттеу институты тәулігіне 300 мың жолаушы тасымалдай алады деп болжаған еді. «Метрополитен» МКК директорының пайымдауынша, алғашқы кезеңде 2012 жылы бұл сан тәулігіне 30-40 мың адамды құрауы мүмкін. Ондағы жол ақысы бұған дейін 75 теңге көлемінде болады деп жоспарланған-ды. Қазір ол автомобиль жолдары мен көлік басқармасының мәліметіне қарағанда, метро мен автобустағы жолаушылар тасымалдау бағасы бірдей болады. Ақырғы шешім енді метродағы жолаушылар тасымалы қозғалысы іске қосылған кезде шықпақ.

Соңғы жаңалықтар