Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.
«Қазіргі кезде метрополитенде қажетті құрылғылар орнатылған, олар сынақ режимінде тексеруден өтеді. Байланыс 2018 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады деп жоспарлануда», — деді Алматы метрополитенінің ресми өкілі Игорь Сахар.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі кезде бір күннің ішінде метромен қатынайтындардың саны 56-58 мыңға жуық. Ал, 2020 жылға дейін 4 вагоннан құралған 8 жаңа құрам іске қосылып, жолаушылар саны 86-90 мың дейін жетеді деп күтілуде.