Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Ербол Әбілдинов Алматы метросына жаңа басшы болып тағайындалды.

  • 28 Тамыз 2018
  • 323
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Метрополитен" КМК-де Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының 2018 жылғы 25 тамыздағы бұйрығымен директор тағайындалды. Ол бұрын "Алматыметроқұрылыс" АҚ басқарған Ербол Әбілдинов", — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қалалық жерасты метросының жаңа басшысы 54 жаста, Жезқазған қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын (АСҚИ), НАРХОЗ университетін бітірген, сәулетші және экономист мамандығынан бастап, көп лауазымдарда жұмыс істеді. 2017 жылдың наурыз айынан""Алматыметроқұрылыс" АҚ бас директоры лауазымында қызмет атқарды.


 

Соңғы жаңалықтар