Алматы метросында әлемдік әлеуметтік жарнама көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросында әлемдік әлеуметтік жарнама көрмесі ашылды

Алматы метросында әлемдік әлеуметтік жарнама көрмесі ашылды

Алматы метросының «Байқоңыр» бекетінде әлемдік әлеуметтік жарнама көрмесі ашылды.

  • 21 Қазан 2015
  • 662
Фото - Caravan.kz

«Бауыржан» қайырымдылық қоры бұл шараны қазір қалада өтіп жатқан «Make It Clear!» әлеуметтік жарнама байқауы аясында ұйымдастырды.

Онда негізінен жол қауіпсіздігі ережесі, экология, маскүнемдік,  темекі құмарлық секілді әлеуметтік мәселелер көтерілген.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік жарнаманың басты қағидасы — адам өмірін жақсарту.

«Біз осындай әлеуметтік жарнамалар, кейде тіпті жан түршіктірер көріністер арқылы адамдардың назарын қоғамдық мәселелерге аударғымыз келеді. Әлеуметтік мәселелерді осындай әлеуметтік жарнамалар арқылы көпшілікке жеткізу оңай әрі тиімді. Осылайша адамдар өз көзімен көрген соң, қоғамдық сипаттағы мәселелерге, солардың ішінде жол қауіпсіздігіне, экологияға және басқа да мәселелерге жіті көңіл аудара бастайды. Осыдан барып адамдардың жүріс-тұрысы, мінез-құлқы жақсы жағына өзгеруі мүмкін, — деді көрмені ұйымдастырушылар.

Барлығы көрмеге шет елдік авторлардың 60 плакаты көрермен назарына ұсынылды.


Метро жолаушылары бұл жұмыстарды алдағы 30 қазанға дейін тамашалай алады.

Айта кетелік, бұған дейін Алматыда мұндай көрме 2013 жылы ұйымдастырылған болатын.

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар