Алматы метросында Астана күніне орай көрме өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросында Астана күніне орай көрме өтті

Алматы метросында Астана күніне орай көрме өтті

Алматы метросының Алмалы стансасында Астана күніне орай «Менің отаным - Қазақстан» атты сурет көрмесі ашылды.

  • 3 Шiлде 2015
  • 899
Фото - Caravan.kz

Мәдени шара 31 шілдеге дейін жалғаспақ. Көрмеге қазақстандық суретшілердің 50-60 шақты суреті қойылған.

«Басты мақсатымыз туған жеріміздің керемет жерлерін көрсету, метро жолаушыларын қазақстандық суретшілердің туындыларымен  таныстыру, өнерді халыққа бір табан жақындастыру. Мұндай көрмелер метро стансаларында жаз бойы өтетін болады. Әр ай сайын әр стансада өтіп тұрады. Бұдан бұрын Абай бекетінде ұйымдастырған болатынбыз. Метро қызметін пайдаланатын жолаушыларымыз әр бекетте өнер, мәдени шаралар ұйымдастырылып тұратынын біледі. Елдің бәріс асығыс. Музей, театрларға баруға көбінің уақыты бола бермейді», — деді «Алматы метрополитен» МКК баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетова.

Көрмеге қазақстандық суретшілер Татьяна Шаламова, Қалыбек Бекмағанбетов, Серік Мергімбаев, Жақсылық Кенжалиева және Ольга Тратникованың жұмыстары қойылды.


Сондай-ақ, көрмеде бейнелеу өнері бойынша шеберлік-кластары өткізілді.

Перейти к новостям спорта