Алматы метросында пойыздардың қозғалыс интервалы қысқарды
Жолаушылар санының артуына байланысты Алматы метросында пойыздардың қозғалыс интервалы қысқартылды. Бұл туралы сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында «Метрополитен» МКК директоры Қыдырал Бегасылов хабарлады. |
Оның айтуынша, «жұмыс күндері қарбалас шақтарда пойыздар 8 минут, басқа уақытта 10 минут, ал демалыс күндері 13 минут 20 секунд интервалмен жүреді».
«Бұрын қарбалас шақта пойыздар арасындағы интервал 10 минут, қалған уақытта 13 минут 20 секунд болатын», - деп атап өтті Қ.Бегасылов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін