Алматы метросында жол жүру ақысы жер бетіндегі көліктердегідей болады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросында жол жүру ақысы жер бетіндегі көліктердегідей болады

Алматы метросында жол жүру ақысы жер бетіндегі көліктердегідей болады

Алматы метросында жол жүру ақысы жер бетіндегі көліктердегідей болады, деп «Алматыметроқұрылыс» АҚ директоры Мұрат Үкшебаев мәлім етті.

  • 9 Маусым 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Алғашқыда жол жүру ақысы Т75 деп алынды. Бірақ көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшылары жол жүру ақысы бірдей болсын деген ұсыныс айтып отыр», — деп бейсенбі күні М. Үкшебаев журналистерге мәлім етті.

М. Үкшебаевтың айтуынша, жол жүру ақысы тікелей метроны іске қосар алдында, яғни биылғы жылдың желтоқсанында белгілі болады.

Алматы метросындағы жолаушылар ағымы тәулігіне орташа есеппен 30-40 адам болады, деп «Алматыметроқұрылыс» АҚ директоры Мұрат Үкшебаев мәлім етті.

«Метрополитен құрылысының алдында техникалық-экономикалық негіздемесінде жолаушылар ағымының мәселесі шешіледі. Арнайы мамандандырылған институт мәліметтерінше, орташа жолаушылар ағымы тәулігіне 300 мың адам болуы тиіс», — деді ол.

«Бірақ мен бұл көрсеткіш алғашқы кездері орындала қоймас деп ойлаймын. Біз әзірге тәулігіне 30-40 мың жолаушы болар деп отырмыз», — дей келіп ол, әңгімі 2012-ші жыл туралы болып отырғанын еске салды.