"Алматы қаласы аумағындағы қалалық бағдарлар бойынша жолаушыларды тұрақты тасымалдаудың бекітілген тарифі электронды жүйе арқылы төмендегідей көлемде төленуі тиіс: электронды жол жүру картасы арқылы төлеген кезде – 80 теңге, ал көлікте қолма-қол ақшамен төлеген кезде – 150 теңге", — делінген қаулыда.
Қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда жолақының қымбаттауын әкімшілік қаражаттың көлеңке айналымынан арылып, салық түсімін арттыру және жолаушылар арасында электронды картаның көбірек қолданылуы үшін деп түсіндіреді.