Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қоршаулар екі қызмет атқарады: жолаушылар үшін қорғаныс құралы және жарнамалық құрылым ретінде пайдаланылады.
Бұл туралы Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта бұл қоршаулардың жел жүктемесіне төзімділігі тексеріліп жатыр. Барлық қажетті сынақтардан өткеннен кейін осындай қоршаулар метроның басқа станцияларында да орнатылатын болады. Айта кетейік, уақытша қоршаулар вагондар арасындағы кеңістікті жабуға арналған және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған уақытша шешім. Автоматтандырылған платформалық есіктерді (screen doors) орнату процесі көп уақытты қажет етеді. Өйткені жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қажет, — деді Алматы метрополитенің баспсөз қызыметі.
Белгілі болғандай, осыған байланысты, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша қоршаулар орнатылып жатыр.