Жарияланды: 560

Алматы метросының бірінші желісінің рельстерін салу аяқталды

Алматы метросының бірінші желісінің рельстерін салу аяқталды

Алматы метрополитенінің бірінші желісінің рельстерін салу аяқталды, деп «Алматыметроқұрылыс» баспасөз қызметінен хабарлады.

Хабарда айтылғандай, қазір жылжымалы құрамды 4 станция аралығында – «Райымбек», «Жібек жолы», «Алмалы» және «Абай» стансаларының арасында сынақтан өткізіп жатыр. «Рельстерді салғанда олар жаңа әдіспен монолиттік темірбетон негізге қойылды. Жолдың үстіңгі қабаты – тігіссіз бүтін темірбетон негіз болып табылады. Ол жол қозғалысының қауіпсіздігінің қамтамасыз етіп, жолды пайдалану мерзімін ұзартады. Аталған технология қазір тек Батыс Еуропаның жекелеген мемлекеттерінде қолданылады, ал ТМД ауцмағында тек Алматы метрополитенінде тұңғыш рет қолданылды», - делінген мәтінде. Алматы метрополитенінің алғашқы кезегін биыл желтоқсанда, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай тапсырылмақшы. Бірінші желінің құрамына жалпы ұзындығы 8,56 км болатын 7 станса кіреді. Еске салсақ, Алматы метросының құрылысы 1988 жылы КСРО салалық ведомство министрліктерінің басшылығымен басталып, республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды. КСРО-ның күйреуі метро құрылысын тежеп қойды. Қаржы тапшылығынан метроның жекелеген нысандары консервіленді. Жүргізілген жұмыстар тек метро құбырындағы қауіпсіздікті сақтап тұрумен ғана шектелді. Себебі оның үстінде қала орналасқан болатын. 2005 жылы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Алматыны 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасын» бекітті. Оның ішінде метро құрылысы басым инвестициялық жобалар қатарында болды. Осы кезден бастап метро құрылысы қайта қаржыландырылып, барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарының 70%-дайы орындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін