Негізі қос аялдама өткен жылы, желтоқсан айының басында ашылуы керек болған. Алайда құрылыс жұмыстары толық бітпей, тағы бірнеше айға созуға тура келді. Оның үстіне, пойыздарды ары-бері жүргізіп, жерасты жолының сапасы тексерілген. Қазір жаңа бекеттердегі сынақ жұмыстары толығымен тәмамдалып, тек іске қосу ғана қалып тұр. Абай даңғылының бойында орналасқан бұл екі бекет қала орталығын халық тығыз орналасқан аудандармен тікелей байланыстырады.