Алматы облыстық әділет мекемелері діни бірлестіктердің іс-қызметінен көптеген заң бұзушылық деректерін әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық әділет мекемелері діни бірлестіктердің іс-қызметінен көптеген заң бұзушылық деректерін әшкереледі

Алматы облыстық әділет мекемелері діни бірлестіктердің іс-қызметінен көптеген заң бұзушылық деректерін әшкереледі

Алматы облыстық әділет мекемелері діни бірлестіктердің іс-қызметінен көптеген заң бұзушылық деректерін әшкереледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық әділет департаменті төрағасының орынбасары Мұрат Тәңірбергенов хабарлады.

  • 23 Желтоқсан 2004
  • 724
Фото - Caravan.kz

М.Тәңірбергеновтың айтуынша, ең көп таралған заң бұзушылық оқиғасы — мемлекеттік тіркеудің жоқтығы болмақ. Облыстық әділет департаментінде 143 діни бірлестік тіркелген. Ал шын мәнісінде жұмыс істейтін филиалдардың саны 264-ке тең. Алматы облысында жалпы 475 діни бірлестік жұмыс істейді.

Атап айтсақ, облыстық құқық қорғау органдары мелмекеттік тіркеусіз жұмыс істеп жатқан 32 мұсылман мешітін, сондай-ақ, Ескелді ауданында «Свидетели Иеговы», «Христиане Лютеранской веры», «Пятидесятники»және Талдықорғанда «Союз Евангельских христиан-баптистов» сынды діни бірлестіктерді әшкереледі.
М.Тәңірбергеновтың айтуынша, Ұйғыр ауданында «Алла-Аят» деп аталатын тіркелмеген діни секта әшкереленді. 2004-жылдың тамыз айында секта жетекшілеріне тіркелу және емдеу шараларын жүзеге асыруға лицензия алу қажеттігі ескертілді. Осыдан кейін сектаның жетекшісі емдеуді доғарғанымен, алайда, қазір бұл кәсіппен оның оқушылары мен ізбасарлары айналысуда.
Сондай-ақ, әділет департаменті құқық қорғау мекемелерімен бірлесе отырып, «Мерей» шаруа қожалығының аумағында орын тепкен «Общество сознания Кришны» атты бірлестікті жою жұмыстарын жүргізуде. «Птицевод» деп аталатын бағбандар кооперативінің мүшелерінен Алматы облысы әкімінің атына аталмыш діни бірлестіктің экстремистік сипаттағы заңсыз әрекеттері туралы ұжымдық шағым түскен. М.Тәңірбергеновтың айтуынша, «Общество сознания Кришны» бірлестігінің іс-қызметіне жүргізілген тексеру экстремистік сипатты анықтамағанымен, бұдан басқа заң бұзушылық деректері әшкереленді. Атап айтсақ, бұл діни бірлестік жерді заңсыз әрекеттер арқылы сатып алып, үй-жайларды заңсыз салған. Облыстық прокуратура саяжай массиві аумағында қарапайым тазалық тәртіптерін сақтамау, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу сынды заң бұзу оқиғаларын әшкереледі. Сонымен бірге кондитерлік өнімдер өндіретін екі жасырын цех табылды. Осынау заң бұзушылық оқиғаларының барлығы «Общество сознания Кришны» бірлестігін тарату туралы мәселе көтеруге негіз болды.

Перейти к новостям спорта