Алматы облыстық ІІББ-ның "Арлан" құрықтаушы тобы тамыздың соңына дейін іске кіріседі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық ІІББ-ның "Арлан" құрықтаушы тобы тамыздың соңына дейін іске кіріседі

Алматы облыстық ІІББ-ның "Арлан" құрықтаушы тобы тамыздың соңына дейін іске кіріседі

Алматы облыстық ІІББ-ның жанынан құрылған "Арлан" құрықтаушы тобы полицияның жедел операцияларына қолдау көрсету бағытындағы нақты іс-қызметіне тамыздың соңына дейін кіріседі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен бүгін, 5-тамызда хабарлады.

  • 5 Тамыз 2003
  • 560
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Арлан» құрықтаушы топтары ҚР ІІМ-нің бұйрығымен көптеген аймақтық ІІБ-ның жанынан құрылуда. Бұл топтар әртүрлі деңгейдегі қалалық ІІББ немесе Облыстық ІІБ бастығының жеке резервіне саналады.

Алматы облысындағы «Арлан» тобында 5 офицер және 20 сержант, барлығы 25 адам бар. Бұл топқа сайдың тасындай сарабдал жігіттер іріктелді. Атап айтсақ, офицерлердің бойы 175см-ден кем емес, әскери борышын арнаулы бөлімде немесе осы тектес бөлімдерде өтеген болуы, ал сержанттар үшін әскери борышын десанттық (мобильді) бөлімде өтеген болуы немесе спорт мастерінен кандидаттық дәрежеден төмен емес деңгейде спорттық разрядының болуы талап етілді.

Соңғы жаңалықтар