Алматы облыстық полициясы асқан қаныпезерлікпен зейнеткер кейуананы өлтіруге байланысты қылмыстық істі әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық полициясы асқан қаныпезерлікпен зейнеткер кейуананы өлтіруге байланысты қылмыстық істі әшкереледі

Алматы облыстық полициясы асқан қаныпезерлікпен зейнеткер кейуананы өлтіруге байланысты қылмыстық істі әшкереледі

Алматы облыстық полициясы асқан қаныпезерлікпен зейнеткер кейуананы өлтіруге байланысты қылмыстық істі әшкереледі. Бұл оқиға 2003-жылдың 4-шілдесінде болған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІББ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Шiлде 2003
  • 417
Фото - Caravan.kz

Үш жерінен пышақпен жарақатанған кейуананың мүрдесі Талғар ауданының Панфилов ауылындағы өз үйінен табылған болатын.

Жедел іздестіру шараларының барысында Талғар аудандық ІІБ-ның қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері Алматы облыстық ІІББ қасақана кісі өлтіру қылмыстарын әшкерелеу жөніндегі қызметкерлермен бірлесе отырып күдіктінің ізіне шықты. Сөйтсе, кейуананы өлтірген сол ауылдың 40 жастағы бұған дейін үш мәрте сотталған тұрғыны болып шықты.
Күдікті Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск қаласында қолға түсті. Одан өлген әйелдің бірқатар заттары мен құжаттары тәркілеп алынды.
Қазір тұтқын кісі өлтіргендігін мойындап қана қоймай, бұған дейінгі бірнеше ұрлыққа қатыстылығын өз мойнына алып отыр.

Соңғы жаңалықтар