Жарияланды: 700

Алматы облыстық полициясы бір әйел мен екі бірдей жас баланы өлім құштырған кісі өлтіргішті ұстады

Алматы облыстық полициясы бір әйел мен екі бірдей жас баланы өлім құштырған 22 жастағы кісі өлтіргішті ұстады. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылдың 23-қазанында Талдықорғандағы жеке меншік жай үйлердің бірінде өрт шығып, оны сөндірген кезде 23 жастағы әйел мен оның 3 айлық және 6 жастағы екі баласының өлі денесі табылған болатын. Мәйіттер қатты күйікке шалдыққандықтан полицейлер өлімнің себебін оқиға орнында анықтай алмаған. Соңынан сот-медициналық сараптама мамандары әйелдің зорланғанын, ал оның өліміне буындыру немесе басынан жарақаттау себептерінің бірі әсер еткенін анықтады. Ал 6 жасар ұл пышақталып мерт болса, 3 айлық сәби өртеніп өлген. Сөйтіп, облыстық полицияның жалпы құрамы кісі өлтіргішті табуға түгелдей жұмылдырылды. Нәтижесінде жуырда күдікті ұсталып, ол уақытша Талдықорғанда тұратын Шығыс Қазақстан облысының тумасы болып шықты. Тұтқын өзінің айуандыққа барып кісі өлтіргенін мойындады, бірақ ол үйдің өртенуіне жанып тұрған шам себепкер болуы мүмкін деген жорамал айтып, ат-тонын ала қашқан. Оның айтуынша, сол күні сылқита арақ ішіп алған ол бұрындары жүз шайысып қалған әлгі үйдің иесінен өшін алуға барыпты. Ал өрімдей сәбилерді өлтіру себебін ол ұл бала қашуға әрекет жасағандықтан пышақтап өлтірдім десе, кішкентай бала туралы ұмытып кеттім деп жауап берген. Қазір аталмыш іс бойынша тергеу жалғасуда.Күдікті уақытша тергеу қапасына қамалды. Сондай-ақ, Алматы облысында осыдан алты жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды. Қарасай аудандық ІІБ-ның қызметкерлері Атырау облысының Құлсары ауылында 1997-жылы бір әйелді өлтірген қылмыскерді ұстады. Осы іс бойынша күдікті саналған адам Шамалған ауылында ұсталып, қылмысын мойындады. Қылмыскер Атырау облысына экстрадицияланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін