Алматы облыстық полициясы науқастың қайтыс болуына себепкер болған аудандық аурухана дәрігерінің үстінен қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық полициясы науқастың қайтыс болуына себепкер болған аудандық аурухана дәрігерінің үстінен қылмыстық іс қозғады

Алматы облыстық полициясы науқастың қайтыс болуына себепкер болған аудандық аурухана дәрігерінің үстінен қылмыстық іс қозғады

Алматы облыстық полициясы Кеген ауылындағы аудандық орталық аурухананың хирургының үстінен қылмыстық іс қозғады. Оған кәсіби міндетін атқарудан бас тарту салдарынан науқастың қаза табуына себепкер болған деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2003
  • 667
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, Сарыжас ауылының 27 жастағы тұрғыны Райымбек аудандық ауруханасына іші ауырғандықтан жәрдем сұрап барған. Алайда, аурухана дәрігері науқасты қарап көрместен Алматыға зерттелуге жіберген. Соның салдарынан Алматыға бет алған жол үстінде әйелдің соқыр ішегі үзіліп қайтыс болды.

Бұл дерек өңірде үлкен қоғамдық наразылық туғызды. Баспасөз қызметіндегілердің атап көрсетуінше, қызметіне жүрді-барды қарайтын хирургтың үстінен аудандық аурухананың бас дәрігері полицияға шағым түсірген.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 144-бабына сәйкес, кәсіби міндетін дұрыс орындамаған немесе орындаудан бас тартқан медицина қызметкерінің кесірінен науқас қайтыс болған жағдайда 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе осы мерзімге бас бостандығынан айырумен қатар белгілі қызмет түрлерімен 3 жылға дейін айналысу құқығынан айыру жазасы жүктеледі.