Алматы облыстық полициясы осыдан үш күн бұрын ұрланған әскери қызметкерді босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық полициясы осыдан үш күн бұрын ұрланған әскери қызметкерді босатты

Алматы облыстық полициясы осыдан үш күн бұрын ұрланған әскери қызметкерді босатты

Алматы облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Қапшағайдағы бір әскери бөлімшеде келісім-шарт бойынша әскери борышын өтеп жүріп 10-қыркүйекте ұрланған адамды босатты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2005
  • 482
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әскердің ұрланғаны туралы полицияға жәбірленушінің әріптесі хабарлаған. Қылмыскерлер 1 мың АҚШ доллары көлеміндегі төлемді сол арқылы талап етсе керек. Тәртіп сақшылары қатардағы жауынгерді қылмыскерлер Алматыға әкелгенін анықтап білген. Сөйтіп, тұтқыннан босатылған әскер жергілікті гарнизонның ауруханасына жатқызылды. Оның денесінен пышақ жарақатымен қатар көптеген соққы белгілері табылды.
Алдын-ала тергеу барысында белгілі болғанындай, қылмыскерлер құрбандықты кездейсоқ таңдамаса керек. Қатардағы жауынгер жуырда ғана шетелдегі бітімгершілік миссиясына қатысып оралған, соған сәйкес қызмет ақысына ірі көлемде ақша алуға тиіс болатын.
Адам ұрлады деген күдікпен Алматы облысының үш тұрғыны ұсталды. Қазір олар Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу қапасында қамауда отыр. Баспасөз қызсетінің хабарлауынша, күдіктілердің басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ұсталған топтың барлық мүшелері бұған дейін бір әскери бөлімшеде мерзімді борышын өтеп, әскерден қайтқан соң бұрынғы әріптестерінен ақша бопсалаумен шұғылдана бастаған деген ақпарат тәртіп сақшыларына жетті.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта