Алматы облыстық прокуратурасы салық төлеуден жалтарған кәсіпкерлердің үстінен 7 қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық прокуратурасы салық төлеуден жалтарған кәсіпкерлердің үстінен 7 қылмыстық іс қозғады

Алматы облыстық прокуратурасы салық төлеуден жалтарған кәсіпкерлердің үстінен 7 қылмыстық іс қозғады

Кәсіпкерлік іс-қызметке жүргізілген тексерулер нәтижесінде Алматы облыстық прокуратурасы ҚР Қылмыстық Кодексінің салық төлеуден жалтару жөніндегі 221-бабы, 1-тармағы бойынша кәсіпкерлердің үстінен 7 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Сәуiр 2005
  • 408
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, прокурорлық тексеру барысында Қытайдан «Қорғас» кеден бекеті арқылы 12 млрд. теңгенің күнделікті тұтыным тауарларын әкелген 7 кәсіпкердің салықтан жалтару дерегі әшкереленді. Мемлекеттік кіріске құйылмай қалған жеке кіріс салығының мөлшері 3 млрд. 840 млн. 894 мың теңгені құрады.

Беті ашылған деректерге қатысты іс материалдары Алматы облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіне жолданды.

Перейти к новостям спорта