Атап айтсақ, алыс шетелдерден келген 59, ТМД елдерінен келген 49 адам республика аумағынан шығарылды.
Сонымен бірге 16 шетел азаматының елімізде болу мерзімі қысқартылды.
Жалпы алғанда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодексінің «шетел азаматының Қазақстанда болу тәртіптерін бұзуы» жөніндегі 394-бабы бойынша 1123 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қыркүйектің 6 мен 11 аралығында шетелдіктердің Қазақстан аумағында болу тәртіптері мен шетелдік жұмыс күшін тарту тәтіптерін бұзуға байланысты Қазақстан азаматтары болып табылатын лауазым иелері мен заңды тұлғалар арасынан 81 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматы облысы бойынша «Мигрант» шұғыл-профилактикалық шарасын өткізуге ішкі істер департаментінің 647 адамы мен басқа да мемлекеттік мекемелердің 61 қызметкері қатысты. Шұғыл шара барысында тәртіп сақшылары шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын кәсіпорындар, ұйымдар мен оқу орындарын тексерді. Сонымен бірге шетелдіктерге қарасты автокөліктер тексерілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті