Алматы облысы Алматының азық-түлік қажеттілігін тек 35% қанағаттандыра алады
Алматы облысы Алматының негізгі азық-түлік мұқтаждықтарын тек 35% қанағаттандыра алады, деп әкім орынбасары Ербол Шорманов мәлім етті. |
«Қалалықтар құс етінен басқа еттің барлық түріне, сондай-ақ көкөніс пен сүт өнімдерінен басқа түрлеріне өткір мұқтаждықта... Тұтыну себетінің негізгі 20 азық-түлік түрлерінен Алматы облысы Алматыны картоппен, пиязбен, құс етімен және жұмыртқамен толығымен қамтамасыз ете алады», - деді ол сәрсенбі күні Алматының айналасында азық-түлік белбеуін салу мәселесіне арналған кеңесте.
Оның айтуынша, оңтүстік аудандардың азық-түлік жеткізілімдеріндегі жеке үлесі 24,7% болып, ал импорт үлесі шамамен 40% болады.
«Алматы маңындағы азық-түлік белбеуіндегі қатысушыларға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау шаралары айтарлықтай нәтиже бермей отыр», - деді Е. Шорманов.
Оның айтуынша, «ішкі нарықтың импорттық өнімдерге тәуелдігінен трейдерлер мен дистрибюторлардың іс-әрекеті, жалпы алғанда, азық-түлік нарығындағы бағаға қатты әсер етеді».
Е. Шормановтың мәліметтерінше, Алматыда азық-түлікті тікелей жеткізіп тұруға «Алматы» ӘКК-мен келісімшарт жасаған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 4 жерде тегін сауда орны анықталған.
«Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту үшін, Е. Шормановтың пікірінше, Алматы маңында кем дегенде 50 га қосымша жылыжай, сондай-ақ көлемді қоймалар салу керек.
Одан басқа, дейді Е. Шорманов, Алматыда ірі заманауи коммунальдық базар салу мәселесін шешу керек. Оның қызметі тек әлеуметтік мәселені шешуге бағытталуы тиіс.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін