Алматы облысы Алматының азық-түлік қажеттілігін тек 35% қанағаттандыра алады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысы Алматының азық-түлік қажеттілігін тек 35% қанағаттандыра алады

Алматы облысы Алматының азық-түлік қажеттілігін тек 35% қанағаттандыра алады

Алматы облысы Алматының негізгі азық-түлік мұқтаждықтарын тек 35% қанағаттандыра алады, деп әкім орынбасары Ербол Шорманов мәлім етті.

  • 15 Маусым 2011
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Қалалықтар құс етінен басқа еттің барлық түріне, сондай-ақ көкөніс пен сүт өнімдерінен басқа түрлеріне өткір мұқтаждықта… Тұтыну себетінің негізгі 20 азық-түлік түрлерінен Алматы облысы Алматыны картоппен, пиязбен, құс етімен және жұмыртқамен толығымен қамтамасыз ете алады», — деді ол сәрсенбі күні Алматының айналасында азық-түлік белбеуін салу мәселесіне арналған кеңесте.

Оның айтуынша, оңтүстік аудандардың азық-түлік жеткізілімдеріндегі жеке үлесі 24,7% болып, ал импорт үлесі шамамен 40% болады.

«Алматы маңындағы азық-түлік белбеуіндегі қатысушыларға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау шаралары айтарлықтай нәтиже бермей отыр», — деді Е. Шорманов.

Оның айтуынша, «ішкі нарықтың импорттық өнімдерге тәуелдігінен трейдерлер мен дистрибюторлардың іс-әрекеті, жалпы алғанда, азық-түлік нарығындағы бағаға қатты әсер етеді».

Е. Шормановтың мәліметтерінше, Алматыда азық-түлікті тікелей жеткізіп тұруға «Алматы» ӘКК-мен келісімшарт жасаған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 4 жерде тегін сауда орны анықталған.

«Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту үшін, Е. Шормановтың пікірінше, Алматы маңында кем дегенде 50 га қосымша жылыжай, сондай-ақ көлемді қоймалар салу керек.

Одан басқа, дейді Е. Шорманов, Алматыда ірі заманауи коммунальдық базар салу мәселесін шешу керек. Оның қызметі тек әлеуметтік мәселені шешуге бағытталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар