Алматы облысы аумағында боран салдарынан жолдар жабылды
Алматы облысы аумағындағы боранға байланысты екі республикалық маңыздағы жол учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді. |
Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтқанда, кеше сағат 22:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автожолының 126-196 шақырымы аралығында қоғамдық және жүк автокөлік түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.
Бұдан бөлек, боран салдарынан 30 қарашадан бері аталған облыс аумағындағы «Үшарал-Достық» жолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлеріне жол жабық тұр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін