Алматы облысы аумағында боран салдарынан жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысы аумағында боран салдарынан жолдар жабылды

Алматы облысы аумағында боран салдарынан жолдар жабылды

Алматы облысы аумағындағы боранға байланысты екі республикалық маңыздағы жол учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді.

  • 6 Желтоқсан 2012
  • 303
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда, кеше сағат 22:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автожолының 126-196 шақырымы аралығында қоғамдық және жүк автокөлік түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, боран салдарынан 30 қарашадан бері аталған облыс аумағындағы «Үшарал-Достық» жолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлеріне жол жабық тұр.