Алматы облысы аумағында боран салдарынан жолдар жабылды

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда, кеше сағат 22:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автожолының 126-196 шақырымы аралығында қоғамдық және жүк автокөлік түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, боран салдарынан 30 қарашадан бері аталған облыс аумағындағы «Үшарал-Достық» жолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлеріне жол жабық тұр.