Жарияланды: 400

Алматы облысы: Ішкі істер органдарының өткен 5 айдағы жұмыс қорытындысы

Алматы облысы өткен 5 айдың қорытындысы бойынша қасақана кісі өлтіру және адам зорлау қылмыстары бойынша екінші орында тұр.

Ішкі істер органдарының 2011 жылдың 5 айындағы негізгі жұмыс көрсеткіштері туралы мәліметтер осыны көрсетті. Атап айтқанда, 1 857 781 адам тұратын Алматы облысында қаңтар-мамыр айларында 75 қасақана кісі өлтіру қылмысы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,7 пайызға көп. Адам зорлау қылмыстары да көбейген - былтыр 68 оқиға тіркелсе, биыл 78 оқиға. Ал 1422 354 тұрғыны бар Алматы қаласында аталған кезеңде 64 қасақана кісі өлтіру, 61 адам зорлау қылмысы тіркелген. Қасақана кісі өлтіру қылмыстары бойынша Шығыс Қазақстан облысы (халқының саны -1396 746 адам) «бірінші» орында тұр. 2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында аталған өңірде 79 - қасақана кісі өлтіру (өткен жылғы көрсеткіштен 17,9 пайызға көп), 77 адам зорлау қылмысы тіркелген. Ал адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша 1 351 905 тұрғыны бар Қарағанды облысы «алдына жан салмаған». Онда өткен бес айда осындай 93 оқиға тіркелген. Еліміздің барлық ішкі істер органдарында 2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында 579 қасақана кісі өлтіру қылмысы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 30 оқиғаға кем.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін