Алматы облысына Қытайдан келген науқасқа қойылған энтеровирус диагнозы расталмады - Дерновой - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысына Қытайдан келген науқасқа қойылған энтеровирус диагнозы расталмады - Дерновой

Алматы облысына Қытайдан келген науқасқа қойылған энтеровирус диагнозы расталмады - Дерновой

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысына Қытайдан келген науқасқа қойылған энтеровирус диагнозы расталмады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой бүгін журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Мамыр 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Науқас тиісті зерттеулерден өткізілді, клиникалық байқау мен зертхана мәліметтері бойынша диагноз расталған жоқ», — деді А. Дерновой.

«Біз бұдан былай осындай оқиғаның алдын алуға қажетті шараның бәрін қолдандық, сондай-ақ, шекарадағы бақылауды күшейтуге қажетті барлық шаралар дәйектелді», — деді министр.

«Қуанышқа орай, науқас үшін де, біз үшін де барлық мәселе шешілді», -деді ҚР денсаулық сақтау министрі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы облысының Алакөл ауданында бір науқасқа алдын-ала «энтеровирусты инфекция» диагнозы қойылған болатын.

«Алматы облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мәліметінше, Алматы облысында 16 мамырда сағат 12.00-де Алакөл ауданында алдын-ала «энтеровирусты инфекция» диагнозы қойылған науқас тіркелді, Қазақстанға 26-сәуірде келген ҚХР тумасы», -деп хабарлады ҚР ТЖМ. Науқас Алакөл аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің арнаулы боксына жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті