Алматы облысында 10 жастағы бала үйінен қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 10 жастағы бала үйінен қашып кеткен

Алматы облысында 10 жастағы бала үйінен қашып кеткен

Ұл баланы әйелімен ажырасқан ер адам тәрбиелеп келген. 

  • 11 Желтоқсан 2017
  • 166
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында полицейлер мен мұғалімдер жоғалып кеткен 10 жастағы оқушыны екі күн бойы іздеген, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері бұл дерекке қатысты іздеу ісін қозғаған. 

Ұл баланы әйелімен ажырасқан ер адам тәрбиелеп келген. Полицияға хабарласқан да осы әкесі, оқушы желтоқсанның 7-сі жоғалып кеткен. 

"Жасөспірім мұның алдында да бірнеше рет үйінен кетіп қалған. Оны іздеуге полицейлермен қоса мұғалімдер де атсалысты. Бұл жолы ол досының үйінен табылды. Аман-есен, қазір туыстарына қайтарылды", — дейді облыстық полиция өкілдері.