Caravan Logo

Алматы облысында 1000 гектардан астам жерде далалық өрт шықты

Алматы облысында 1000 гектардан астам жерде далалық өрт шықты

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұра ауылдық округінде (Шелек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шықырым) 23 қыркүйекте сағат 17.35-те 40 гектар аумақта далалық өрт шықты.

24 қыркүйектегі сағат 17.00 жағдаймен өрт аумағы 1000 гектардан асты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт 91 адам мен 13 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 7 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 38 адамының көмегімен сөндірілді.