Агенттік ақпаратына сәйкес, өрт сөндіру жұмысына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің 28237 санды әскери бөлімшесінің 240 қызметкері мен 8 техникасы, мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 9 адамы мен 3 техникасы, сондай-ақ, жергілікті 120 тұрғын жұмылдырылды.
21-қазандағы 3 сағаттағы жағдаймен от құшағына оранған алқап көлемі 1800 гектарға жетті. Күшті жел тұруына байланысты өрт таулы алқаптарға қарай ойысуда. Ал елді мекендерге қауіп жоқ.
Жер бедерінің қиындығына байланысты түнде өрт сөндіру жұмысы доғарылды.