Алматы облысында 2 оқшаулағыштың қызметі тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 2 оқшаулағыштың қызметі тоқтатылды

Алматы облысында 2 оқшаулағыштың қызметі тоқтатылды

Алматы облысында бас прокуратураның ұсынымы бойынша 2 уақытша қамауда ұстау оқшаулағышының (УО) қызметі тоқтатылды.

  • 11 Шiлде 2011
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Ескелді АІІБ мен Текелі ІІББ уақытша оқшаулағыштарындағы ұстау жағдайлары қамауда отырғандарды ұстаудың ең төменгі стандарт ережелеріне сәйкес келмеген. Камераларда жеке жатын орындары (кереует) жоқ, адамдар сәкінің үстінде ұйықтайды, орталықтандырылған сумен қамту және кәріз жүйесі жоқ, унитаздың орнына шелек қойылады, су себізгі кабиналары жоқ, камераларға радиохабар тарату құралдары тартылмаған», — делінген дүйсенбі күні бас прокуратураның сайтында жарияланған ақпаратта.

Прокурорлық әрекет ету актісін қарау нәтижесі бойынша облыстық ІІД басшылығының бұйрығымен Ескелді ауданы мен Текелі қаласының ІІБ УО қызметтері заң талаптарына сәйкес келтірілгенше тоқтатылды.

Хабарламада атап көрсетілгендей, қабылданған шаралардың нәтижесінде 2011-2013 жылдарға жергілікті бюджеттен қалалық және аудандық ІІБ УО-ларын күрделі жөндеу үшін Т304,65 млн көлемінде қаржы бөлінді.

Соңғы жаңалықтар