Алматы облысында 2004-жылдың 5 айында 6 мыңдай жаңа жұмыс орны құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 2004-жылдың 5 айында 6 мыңдай жаңа жұмыс орны құрылды

Алматы облысында 2004-жылдың 5 айында 6 мыңдай жаңа жұмыс орны құрылды

Алматы облысында 2004-жылдың 5 айында 6002 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 815 орынға артық. Бұл туралы облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің төрайымы Нұрила Бөлекбаева 2004-жылғы қаңтар-мамыр айларындағы жұмыс қорытындысына орай Талдықорғанда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 23 Маусым 2004
  • 428
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматы облысында халықты жұмыспен қаму орталықтары арқылы 5615 адам жұмысқа орналастырылды. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда адамдарды еңбекке жегу көрсеткіші 50,7 проценттен 53,9 процентке жетті.

Жұмыссыз 6493 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, бұл жылдық тапсырманың 70 процентін құрайды. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға облыстық бюджеттен 114,8 млн. теңге бөлінді. 1441 жұмыссыз адам 28 мамандық бойынша кәсіби дайындықтан өтті. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 478 адамға артық. Биыл жұмыссыздарды кәсіптік оқыту төлеміне облыстық бюджеттен 17,4 млн. теңге бөлінді.
Жыл басынан бері облыста бос жұмыс орындарына 19 жәрмеңке ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде 649 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды.
Сондай-ақ, биыл еңбек басқармасы кәсіпкерлікті дамытуға грант бөлу бағдарламасын пәрмендендіре түсті. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 130 млн. теңге қарастырылған.
Биылғы жылдың 1-маусымындағы жағдаймен халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарда 11396 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр.