Алматы облысында 3 адам өлтірді деген күдікпен 25 жастағы азамат ұсталды
Алматы облысында Кербұлақ ауданының Басшы елді мекенінде болған 3 адамның өліміне қатысты қымыс ашылды. |
ҚР ІІМ мәліметтеріне қарағанда, қазан айының соңында өртенген үйдің оты сөндірілген соң, үйдің ішінен денесінің бірнеше жеріне соққы салынған және от қаруынан жарақат алған 57 жастағы жұбайлардың және 34 жастағы бауырының жанып кеткен мәйіттері табылды.
Жедел іздестіру шараларының барысында пайдакүнемдіктің салдарынан қылмыс жасаған 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
«Күдікті ірі көлемдегі ақша ұрлау мақсатында аталған үй иесінің бауырының ғана болатынын алдын-ала біліп, жәбірленушілердің үйіне келді. Үй иелерінің үйде екенін көрген күдікті бәрін өлтіруге бел байлады. Бірінші ол үй иесі мен бауырын өзімен бірге әкелген кіші калибрлі қаруымен атып, сосын әйелін өлгенше ұрып тастады. Ақша таппаған қаскүнем қылмыстың ізін жасыру мақсатында жәбірленушілердің мәйітін өртеп жіберді»,-делінген бұл мәліметтерде.
Белгілі болғандай, бұл қылмысқа қатысты заттай дәлел тәркіленді. Ұсталған күдікті уақытша қамау абақтысына қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін