Алматы облысында 530 жылыжай салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 530 жылыжай салынды

Алматы облысында 530 жылыжай салынды

Алматы облысында 52 га жерге 530 жылыжай салынды, деп облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бағдат Әлиев мәлім етті.

  • 6 Маусым 2011
  • 584
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, былтыр жұмыс істеген 366 жылыжай 6300 тонна көкөніс берді. 65 қоймаға 54 мың тонна көкөніс пен жеміс, картоп салынған болатын. Енді қосымша 140 жылыжай салу жоспарлануда.

«Мысалы, Жамбыл ауданында 50 жылыжай салынады. Оны «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» 150 млн теңгеге қаржыландырды. Қапшағай индустриалдық аймақта қуатты «GreenLandAlatau» — «Грин Лэнд Алатау» жылыжайы салынуда. Кәсіпорынның қуаты жылына 3 мың тонна қызанақ, қияр мен салат өнімдерін жинауға есептелген», — деді Б. Әлиев.

Жылыжайда жаңа технологияларды пайдаланып өсірген қияр мен қызанақтарды халыққа «Меркур Дом ЛТД» ЖШС сатуда. Жылыжайлар Еңбекшіқазақ, Панфилов, Іле аудандарында жақсы жұмыс атқаруда.

Соңғы жаңалықтар