Алматы облысында 933 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 933 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Алматы облысында 933 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Алматы облысында жыл басынан бері 933 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген.

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 385
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласында ресми филиалын аша отырып, сол алаңда алғашқы брифинг өткізген ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев мәлім етті. 

«Облыс бойынша биыл құрылыс саласына 130 млрд теңге жұмсалды. Бұл былтырмен салыстырғанда, 36 пайызға артық. Жыл басынан бері 933 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл — еліміздің өзге ірі қалаларымен салыстырғанда, өте жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Мысалы, жарты жылда Астанада 1 млн шаршы метрден сәл асатын баспана пайдалануға берілген екен. Осындай деңгейде баспана салу — Алматы облысы үшін үлкен рекорд»,-дейді әкімнің орынбасары. 
С.Тұрдалиевтің айтуынша, облысымыздың бюджеті 343,8 млрд теңгені құрайды. «Осы жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес, 220 млрд теңге игерілді. Мемлекеттік бюджетке 164 млрд теңге түсті, бұндағы жергілікті бюджеттің үлесі 83 пайызды құрайды»,-деп толықтырды аймақ басшысының орынбасары. 
С.Тұрдалиев мәлім еткендей, аймақта үкіметтің бағдарламалардың барлығы жүзеге асырылуда. Бұл ретте, цифрларға тоқталған әкім орынбасары аймақта «Жұмыспен қамту» жол картасын жүзеге асыру үшін 3,6 млн теңге бөлінгенін жеткізді. «Жыл басынан бері осы бағдарлама аясында облыс бойынша 8679 адам жұмыспен қамтылды»,-деп толықтырды ол.

Соңғы жаңалықтар