Алматы облысында әйел адам өзінің танысын етіктің өкшесімен ұрып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында әйел адам өзінің танысын етіктің өкшесімен ұрып өлтірді

Алматы облысында әйел адам өзінің танысын етіктің өкшесімен ұрып өлтірді

Алматы облысының полицейлері аяқ киімінің өкшесімен өзінің бөтелкелес таныс әйелін өлтірген әйелді ұстады.

  • 18 Қараша 2013
  • 439
Фото - Caravan.kz

42 жастағы үй иесінің денесі Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентіндегі жекеменшік үйлердің бірінен табылды.Мәйіттен көптеген ұрып-соғулардың іздері, ал тамағынан аяқ киімнің белгісі табылды.

Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай зардап шеккен әйелдің көршісін ұстады. Екеуі қосыла ішімдік ішкен, оның соңы жанжалға ұласқан. Қонақ үй иесін алдымен соққыға жыққан, кейіннен есінен танып қалған әйелдің тамағынан етіктің өкшесімен нығарлай басқан. Ол жасаған қылмысын мойындады.

Аталған факті бойынша іс қозғалды. Ұсталған әйел Кербұлақ АІІБ қамалды.